Хорватияда инфляция шарықтап барады

Хорватия тұрғындары биыл Еуроодаққа мүше болғаннан бері бағалар күрт өскеніне шағымданып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, дүкендерде тауар құнын 50%-ке дейін көтеру және ұлттық валютаны еуроға ауыстырғанда қымбаттату белең алған. Тұрғындар бұған бөлшек сауда өкілдері кінәлі дейді. Бірақ кәсіпкерлер мұны энергия бағасының артып, инфляцияның шарықтауымен байланыстырып отыр. Дегенмен Үкімет дереу жүздеген сауда орынын тексеріп, бағаларды негізсіз көтеруді анықтаған. 

- Шынымен де, дүкендерде бәрі қымбаттап кеті. Оның үстіне саудагерлер бағаны өзгерткенде құнын көтеріп қоюды көбейтті.

- Иә, бәрі бірден қымбаттап кетті. Мен жағдайды еуроаймақтың басқа елдерімен салыстырып көрдім. Бізде әлдеқайда жоғары.