Өзбекстанда министрліктер мен мемлекеттік мекемелерде қызметкерлер саны 24%-ке азаяды
Қысқартуға жалпы саны 17 мыңнан астам адам ілігеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бүгін Президент Шавкат Мирзиёев тиісті қарарға қол қойды. Осы құжатқа сәйкес министрліктер мен мекемелерде басшы орынбасарларының саны 30%-ке қысқарады. Сондай-ақ 703 автокөлік пен 10 ғимарат босайтын болды. Осы шараның арқасында 1,5 трлн сум үнемделеді. Бұл 134 млн доллармен шамалас. Президенттің қарары бойынша, бұл қаражат әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалады.