Қытай көліктеріне сұраныс артып келеді
Бейжің компанияларында жасалған көліктердің сатылымы тіпті Германиядағы көрсеткіштен асып түскен.
Былтыр шетелге 3 миллионнан астам автокөлік сатылған. Олардың 20% жаңа энергия көздерінің көмегімен жүреді.
Қытай халқы Жаңа жыл - Көктем фестивалін тойлап жатыр. Мереке күндері жарияланған жеңілдікті пайдалануға асыққан жұрт көлік дүкендерін жағалап кетті. Бұл көріністен кейін сарапшылар жергілікті авто нарығында көрсеткіш былтырдан да асады деген сенімде. Автокөліктерді сату және өндіру көлемі бойынша, Қытай топ жарып келеді. Өткен жылы жаңа құрастырылған 27 млн көліктің 26,5 сатылып кетті.
Фу Бинфэн, Қытай автомобиль өндірушілер қауымдастығының вице-президенті:
- Ішкі сұранысты кеңейту - елдің қазіргі экономикалық қызметінің басымдығы. Мемлекеттің қолдау саясаты нарықтық субъектілер мен тұтынуды арттырады. Қытайдың автомобиль нарығы биыл шамамен 3%-ке өседі, деп күтілуде.
Өткен жылы әлемдегі ең ірі автомобиль нарығы Германияны көлік экспорты бойынша басып озды. Шетелге 3 млн-нан астам темір тұлпар сатылды.
Фу Бинфэн, Қытай автомобиль өндірушілер қауымдастығының вице-президенті:
- Қытай автомобильдері әлемдік нарықта күннен-күнге танылып келеді. Ел ірі экспорттаушыға айналды. Сонымен қатар, жаңа энергия көздерін пайдаланып, қозғалатын автокөліктердің сатылымы әлемдік нарықтың төрттен бірін құрап отыр. Яғни қарқынды өсу байқалады. Бір жыл ішінде Қытай 700 мыңға жуық осындай көлікті экспорттап, 120 пайыздық өсімге жетті. Еуропалық нарыққа ондаған жаңа қытай бренді шықты.
Баламалы энергия көздерінің көмегімен жүретін автомобильдер Қытайдың өзінде де танымал. Мұндай 7 млн көлік былтыр сатылымға шықты. Бұл алдыңғы жылдан 2 есе артқанын көрсетеді. Сарапшылар 2023 жылдың да дәл осылай табысты болатынына сенімді. Баламалы энергия көздерінің көмегімен жүретін 9 млн-ға жуық көлік сатылады, деп болжайды.
Авторлары: Сымбат Ғалымжанқызы, Ботагөз Сырғабаева