Ливия жағалауында 200 мигрант құтқарылды
Босқындарды халықаралық қайырымдылық ұйымының өкілдері аман алып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар Жерорта теңізі арқылы Еуропаға резеңке қайықтармен жетпек болған. Қазір келімсектер Италияның Ла Специя портында. Біріккен Ұлттары Ұйымының мәліметі бойынша бүгінде Ливияда 600 мыңдай мигрант өмір сүреді. Олар ондаған елден келген.