Түркияда қатты жауын-шашын халықты әбігерге салды
Салдарынан 21 провинцияда қауіптің қызғылт сары деңгейі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Анталия мен Измир, Мұғлада толассыз жауын соңы селге ұласты. Тұрғын үйлердің бірінші қабатын су басты. Екпінді жел ағаштарды тамырымен қопарып, жолдарды жауып қалған. Дегенмен адам шығыны жоқ. Синоптиктер Егей, батыс Ақтеңіз бен ішкі Анадолы және Болуда да жауын-шашын мен дауыл қаупіне байланысты тұрғындарды себепсіз шықпауға шақырды.