Македонияның 2 қаласы ластанған шаһарлар тізіміде
Македонияның 2 бірдей қаласы Еуропаның ең ластанған шаһарларының санатына қосылды.
Тетово бірінші, ел астанасы Скопье үшінші орында тұр. Екінші орынға Италияның Неаполі орныққан. Мамандар Скопьенің ластануына қаланың биікн таулардың ортасында орналасуы тікелей әсер етеді деп есептейді. Олар ауаға жиналған зиянды қалдықтар ешқайда тарамай, жазықта сақталып тұрады дейді. Оның үстіне, 700 мың адам мекендейтін шаһарда өндіріс орындары өте көп. Кәсіпорындардың біразы кеңес заманында салынған. Қаладағы экологтар: «тым құрығанда ауаның ластану деңгейін қадағалап отырайық», деп арнайы ұялы қосымша да жасады.