Берлинде үш күн бойы қоқыс жиналмайды

Берлинде коммуналдық сала қызметкерлері ереуілге шықты.

3 мыңнан астам жұмысшы қала көшелерінде наразылық акциясын ұйымдастырды. Негізгі көшелердегі қоқысты жинайтын және ғимараттарда тазалық үшін жауапты қызметкерлер жалақының төмен екеніне наразы. Олар айлық мөлшерін 10 пайызға көтеруді талап етуде. Сондай-ақ жұмыс уақытын қысқартып, қызметкерлер санын көбейтуді сұрады. Айта кетерлігі, Германия бойынша коммуналдық қызметте 2,5 миллион адам жұмыс істейді. Олар үш тәулік бойы қоқыс жиналмайтынын ескертті. Осы аптада Берлинде пошташылар мен мұғалімдер де шеру өткізген еді. Олардың да талабы жалақыны көтеру.

Стефани, коммуналдық сала қызметкері:

- Біздің елде коммуналдық салада жұмыс істеу  оңай емес! Көп күш пен уақыт кетеді. Біз лайықты жалақы алғымыз келеді. Тек коммуналдық сала қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар қарттарға күтім жасайтын клиникалардағы мамандарға да жалақыны көбейту қажет. Әділдіктің орнағанын қалаймыз!