Чилиде орман өртінен зардап шеккен жануарларды құтқару жүріп жатыр
Чилиде мал дәрігерлері орман өртінен зардап шеккен жануарларды құтқарып жатыр.
Оларды қалалық клинкаларға жеткізіп емдеуде. Елде бір апта бойы орман өрті өршіп тұр. Тілсіз жау 300 мың гектар жерді шарпыған. 24 адам опат болып, 2 мыңнан астамы жарақат алды. Мыңнан аса тұрғын үй күлге айналды. Үкімет елде төтенше жағдай жариялады. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен тынбай арпалысып жатыр. Ел билігі халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.