Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 25 мыңға жуықтады
Түркия мен Сирияда зілзаладан көз жұмғандар саны 25 мыңға жуықтады.
Жер сілкінген аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның мәлімдеуінше, Түркияда опат болғандардың жалпы саны 21 мыңнан асты. 80 мыңдай адам жараланған. Сирияда да жағдай қиын, жер сілкінісі құрбандарының саны 3600-ге жетіп қалды. Ал Түркия билігі 12 мың ғимарат қирағанын мәлімдеді. 1 млн-ға жуық адам уақытша орталықтарға орналастырылған. Апат болған өңірлерде кезінде осы құлаған ғимараттарды салған және қабылдап алған жауаптыларға қатысты тергеу басталып, күдіктілер қамаулып жатыр. Түркияға әлемнің 100-ге жуық мемлекетінен гуманитарлық көмек келіп жатыр. Сирияға да ішінара жүк жеткізілді. Қазір Сирия мен Түркияда 120 мың құтқарушы іздеу-құтқару операциясына жұмылдырылған.