Гуманитарлық көмек Алеппоға жетті
Гуманитарлық көмек Алеппоға жетті,- деп хабарлайды арнамыздың тілшісі Григорий Беденко.
Алматыдан ұшқан екінші рейсті әуежайда Сирия үкіметінің өкілдері қарсы алды. Зардап шеккен тұрғындарға төсек-орын мен шатырлар, жылы киімдер басқада қажетті заттар жеткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Үкіметі жер сілкінісінен жапа шеккен Сириядағы халыққа көмек көрсетіп жатыр. Республикалық бюджеттен 160 млн теңгеден аса қаржы бөлініп, жалпы салмағы 50 тонна жүк жеткізіледі. Бұдан бөлек Алеппо қаласына тағы екі рейс барады.
Абдель Кадер Дауалеби, Алеппо губернаторының орынбасары:
- Қазақстаннан қажетті көмек дер кезінде жетті. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, зілзаладан 10 мың адам жапа шекті. Адамдар үй-күйсіз қалды. Қазақстан халықына алғысымыз шексіз.