Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандардың саны 28 мыңнан асты
Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандардың саны 28 мыңнан асты. Тағы 80 мыңнан аса тұрғын жарақат алған.
1 миллиондай адам уақытша орталықтарға орналастырылған. «БҰҰ қос мемлекетте табиғат апатынан көз жұмғандар қарасы артып, 40 мыңға жетуі мүмкін деп отыр. Себебі үйінділер әлі толық ашылып біткен жоқ», - дейді ұйым басшысының орынбасары Мартин Гриффитс.
Мартин Гриффитс, БҰҰ бас хатшысының орынбасары:
- Түркияда зілзала салдарымен күреске 100-ден аса ел өздерінің құтқарушыларын жіберді. Іздестіру шаралары күні-түні жүріп жатыр. Енді бізге табиғат апатынан зардап шеккендерге жан-жақты көмектесуге күш салуымыз қажет. Бұл мәселені назардан тыс қалдырмауымыз керек.