Тутанхамон мазарының табылғанына 100 жыл толды
Ежелгі Мысыр перғауыны Тутанхамон мазарының табылғанына 100 жыл толды.
9 жасында таққа отырған патша шамамен 10 жылдан кейін дүниеден озады. Өз заманында аты шықпаса да 3 мың үш жүз жыл өткеннен кейін оның есімі бүкіл әлемге әйгілі болды. Өйткені бұл тонаушылардан аман қалған жалғыз мазар еді. Ежелгі Мысырдың діни салты бойынша перғауындарды жерлегенде о дүниеде оларға қажет болатын асыл бұйымдарды бірге салған. Ал қарақшылар болса, Патшалар алқабындағы барлық пирамидаларды о баста тонап тастаған. Тутанхамон мазарын ашқан британиялық археолог Говард Картер перғауынның алтын маскасы, алтынмен жалатылған табыты және өзге де мыңдаған бағалы заттарды тапқан. Осы жаңалығы Ежелгі Мысыр тарихына, жалпы археологияға бүкіл әлемнің үлкен қызуғышылығын туғызып, ғылымның қарқынды дамуына түрткі болды.