Перуде 10 үй лай көшкіні астында қалды
Перудің орталық аймағында лай көшкіні жүріп, 10 үйді басып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Абырой болғанда, өлім-жітім жоқ. Бұдан басқа, табиғи апат кезінде жүгері, кофе, банан мен какао алқаптары жойылды. Баспанасыз қалған тұрғындар қауіпсіз жаққа көшуге мәжбүр. Аймақ әкімшілігі апат аумағына көмекке арнайы мамандар жіберді.