Грекиядағы пойыз апатынан 10-нан аса адам көз жұмды

Грекияның орталығындағы Темпе мекенінің қасында ірі теміржол апаты болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүк пен жолаушылар пойыздары соқтығысып, 16 адам қаза тапты. Тағы 80-нен аса жолаушы жараланды. Ауруханаға түскен 25 адамның халі мүшкіл. Полицияның мәлімдеуінше, апат кезінде бірнеше вагон рельстен шығып кетіп, өртке оранған.