Қытайда үй жануарын клондау қарқын алды

Әлемде үй жануарын клондайтын бірнеше ғана ел бар. Соның бірі - Қытай.

2017 жылы алғаш рет бұл істі қолға алған, көрші елдің зерттеушілері, бүгінде жануар клон-дауды әр түрлі мақсатта қолданып жүр.

Үй жануарынан айырылып қалған қытайлық азаматтардың көпшілігі клондау қызметіне жүгінеді. Мәселен, бұл елде төрт аяқты жануарды "қайта тірілту" орта есеппен 30-40 мың доллар тұрады. Ол үшін ДНҚ прототипке толығымен сәйкес келетін кішкентай жасуша қолданылады. Жануардың туылуы үшін 10 айға дейін уақыт қажет.

Ми Цзидун, "Sinogene"компаниясының президенті:

-2017 жылы бізде алғаш рет клондалған үй жануары дүниеге келді. Содан бері 6 жылда бірнеше жүз ит-мысықты клондадық. Жалпы, Қытайдағы бұл сала табысты дамып келеді. Біздің қызметімізге жүгініп, жануарлы болған азаматтармен үнемі байланыстамыз. Олардың біздің қызметке беріп отырған бағасы жоғары.

Ал әлеуметтік желіде қолданушылардың бір тобы клондау ісін қолдаса, енді бірі қарсы. Екінші топтың пікірінше, сырт бейнесі ұқсас болғанымен, клон-жануардың жады мен эмоциясы сақталмайды. Дегенмен, жыл өткен сайын бұл қызметке сұраныс артқан. Әсіресе, пандемия кезінде тапсырыс саны көбейді. Мысықтар мен иттерді клондау сондай-ақ елде жойылып кету қаупі төнген түрлерін құтқару үшін қолданылады екен.

Ми Цзидун, "Sinogene"компаниясының президенті:

- Өткен жылы біз Харбин хайуанаттар бағын мекендеген қасқыр жасушаларын алып, жойылып бара жатқан арктикалық жануарды әлемде бірінші болып сәтті клондадық. Жоба 2020 жылы басталып, бас-аяғы 2 жылда нәтижеге жеттік. Бұдан басқа да зерттеулеріміз бар. Олар мысық, ит, жылқылардың тұқымын көбейтуге қолайлы.

Әлемде үй жануарларын коммерциялық клондаумен бірнеше компания ғана айналысады. Саланы дамытуға деген үміт зор. Мысалы, жақында қытайлық компания ат спортын қолдау мақсатында асыл тұқымды жылқыны сәтті клондады. «Енді, тұқымның жойылып кетуіне төнген қауіп сейілді», - дейді сарапшылар.