Францияда ауыл шаруашылық техникасын шығару жоспарда бар
Қазақстандық фермерлер Франциядағы ауыл шаруашылығы саласының жетекші компания өкілдерімен кездесіп, ынтымақтастықты талқылады.
Былтыр екі ел арасында тауар айналымы 20 пайызға артқан. Қазақстан Францияға балық, өсімдік майы, алкоголь, шоколад экспорттаса, олардан бізге сүт өнімдері, сары май және спирттік ішімдіктер импортталды. Тараптар қазір Қазақстанда мал шаруашылығы үшін генетикалық орталық ашуды қарастырып жатыр. Ал Францияда ауыл шаруашылық техникасын шығару жоспарда бар.
Сауле Сабыр, "Kazakh invest" ақ жобалар департаменті директорының орынбасары:
- Былтырдан ауылшаруашылық саласындағы серіктестікті дамыту мақсатында көп жұмыс атқарылды. Екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың бірқатар бағыттары белгіленді. Мал шаруашылығында генетика, ал өсімдік шаруашылығында тұқым дайындау ісін дамыту көзделіп отыр. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін түрлі шараларды қолға алып жатырмыз.