Вануату мемлекеті дауыл қыспағында қалды
Тынық мұхитындағы Вануату мемлекетін «Джуди» тропикалық дауылы қыспаққа алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Желдің екпіні сағатына 150 шақырымға жеткен. Дауыл соңы жауын-шашынға ұласты. Билік тұрғындарды қауіпсіз жаққа көшіріп жатыр. Аймақта мектептер жабылып, көлік қатынасы тоқтаған. Сондай-ақ барлық әуе рейсі кейінге шегерілді. Дауылға қауіп-қатердің 4-ші деңгейі берілді.