Чилиде ара шаруашылығына қауіп төнді
Чилиде орман өрттері жиілеп кетіп, салдарынан ара шаруашылығына қауіп төнді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Лаулаған жалыннан елде 40 мыңнан аса ара ұясы жанып кеткен. От 400 мың гектар жерді шарпыған. Чилидің ауыл шаруашылығы саласында ара кәсібінің маңызы зор. Латынамерикалық мемлекет әлемде жүзім мен қара-жидек экспорты бойынша әлемде екінші орынға ие.
Марио Флорес, Чили омарташылар қауымдастығының басшысы:
- Орман өртінен ара шаруашылығы қатты зардап шекті. Осының салдарынан еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне де қатер төнді. Енді үкіметтен саланы қалпына келтіру үшін тез арада 100 млн доллар бөліп, тиісті шаралар қабылдауды сұраймыз.