Түркиядағы зілзала 46 мың адамның өмірін қиды

Түркияда ақпанның басында болған зілзала құрбандарының саны 46 мың адамға жуықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 4 мыңнан астамы – осында тұрып жатқан Сирия азаматтары. Ал табиғат апатының болғанына 1 айға жуықтап қалды. Осы уақыт ішінде 13 мыңдай жерасты дүмпуі тіркелген. Қазір зілзаладан зиян шеккен өңірлерде үйінділерді аршумен қатар қатты зақымданған ғимараттар бұзылып жатыр. Билік бір жыл ішінде жаңа үйлер тұрғызылатынын айтады. Осы күнге дейін миллионнан аса тұрғын 10 мың лира көлемінде бір реттік өтемақы алған. Бұл біздің ақшаға шаққанда 230 мың теңге шамасында.