Колумбия сусиырларын өзге елдерге үлестіреді
Колумбия үкіметі өзге елдерге 70 шақты сусиырын үлестіріп береді, деп хабарлайды «Хабар 24».
80 жылдары бұл жануарларды өзінің жеке меншік хайуанаттар бағына белгілі есірткі сатушы Пабло Эскобар әкелген болатын. Алайда иесі жасырынуға мәжбүр болғаннан кейін қараусыз қалған сусиырлар қашып кетті. Колумбияда табиғи жаулары болмағандықтан, олар көбейіп кеткен. Тіпті жергілікті жануарларды шаң қаптырып, қалыптасқан экологиялық тепе-теңдікке қауіп төндіре бастады. Зәрі өзендердегі судың құрамын өзгертіп, ламантиндер мен судоңыздар мекендейтін ортаға кері әсер тигізіп отыр. Қазірдің өзінде Колумбия сусиырларын Үндістан мен Мексикаға жеткізді. Тағы да бірнеше ел осы жануар түрін қабылдауға дайын. Арасында Эквадор мен Филиппин бар.