«Шетелдік агент» заңы: Грузияда шерушілер полициямен қақтығысты
Тбилисиде полиция Парламент алдында жиналған ереуілшілерді күшпен таратып жіберді.
Грузияда екі күн бойы наразалық шарасы өтіп жатыр. Билік басындағы партия "елдегі кез келген ұйымды, шетелден қаржыландыру 20 пайыздан асса, шетелдік агент" деп тануды ұсынған еді. Оппозиция өкілдері "бұл демократияны шектейді" деп бастаманы сынға алды. Әу баста алаңға мыңдаған адам жиналып, шеру бейбіт түрде басталған. Алайда сағат түнгі он бірде ереуілшілердің бір бөлігі парламент ғимаратына басып кіруге әрекет жасады. Осыдан кейін полицияның арнайы бөлімі су шашып, газ қолданып, адамдарды алаңнан ығыстырды.