АҚШ-та пойыз өзенге құлап кетті

АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатында жүріп келе жатқан пойызды лай көшкіні басып қалып, бірнеше вагон өзенге құлап түсті.

Оқиға Саммерс округіндегі Нью-Ривер өзенінің маңында болды. Апаттан 3 машинист жарақат алды. Бір вагоннан өзенге жанармай төгілді. Қазір одан қоршаған ортаға келген залал анықталып, тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Брайан Такер, CSX компаниясының өкілі:

- Әдетте бұл жердегі жол аптасына 3 рет тексеріліп тұрады. Осы апатқа бір сағаттай бұрын бір пойыз жүріп өткен еді. Жол шетіндегі жотадан ешқандай қауіп болмаған. Сондықтан қазір лай неліктен көшкенін  анықтап жатырмыз.