АҚШ-та мигранттар мінген 2 қайық суға кетті
АҚШ-тың Сан-Диего қаласының жағалауында екі қайық суға батып, 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Су көліктері мигранттарды заңсыз тасымалдаған. Марқұмдардың қай ел азаматтары екені әзіге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Іздестіру-құтқару операциясын да осы жайт қиындатқан.
Айта кеткен жөн, апат болған Сан-Диего Мексика шекарасына жақын орналасқан. Сол себепті көрші елден келген мигранттар АҚШ-қа осы бағыт арқылы жиі заңсыз өтпек болып жатады.