Әлемдегі ауасы ең лас қалалар анықталды
Әлемде ауасы ең лас қалалар анықталды.
Пәкістандағы Лахор жаһанның ең лас қаласы. Қытайдың Хотан шаһары. Үндістандағы Бхивади мен Дели қалалары да бұл тізімде бар. Жалпы, Орталық пен Оңтүстік Азия аймағында Үндістан мен Пәкістанда жағдай өте күрделі. Яғни ауасында зиянды бөлшектердің үлесі қауіпсіз деп танылған деңгейден 7 есе асып тұр. Әлемде әрбір оныншы адам ауасы лас жерде өмір сүреді дейді, зерттеу жұмыстарын жүргізген дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары. Олар әлем бойынша ауаның құрамын өлшейтін 30 мыңнан астам қондырғы орнатқан екен.