Польшада инфляция шарықтап кетті
Польшада инфляция соңғы 26 жылдағы ең жоғарғы деңгейге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда 18%-тен асты. Жергілікті статистика басқармасы осындай мәлімет келтіріп отыр. Елде азық-түлік пен сусындар 24%-ке қымбаттаған, тұрғын үй бағасы, коммуналдық төлемдер 23%-ке өсті.