Перуде үйлер құлап жатыр
Перуде жауын-шашын салдарынан көз жұмғандар қатары 50 адамға жуықтады. Қираған үйдің саны 20 мыңнан асып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мына бейнежазбада құтқарушының үстіне үйдің қирандысы құлап, жарақат алды. Ол ұшты-күйлі жоғалып кеткен 2 кісіні іздеу операциясында жүрген. Билік ел астанасы Лиманың маңындағы тұрғындарды шұғыл қауіпсіз жаққа көшіріп жатыр. Өйткені тағы лай көшкіні жүруі мүмкін.
Хосе Ривас Гарай, полиция қызметкері:
- Адамдар мұндай қауіпті жерге үй салуға болмайтынын жақсы біледі. Бірақ мұны елең қылмайды. Билік осыған байланысты қандай да бір шара қолдануы керек. Жартасқа салынған үйлер шетінен құлап жатыр.