АҚШ-тағы химиялық зауытта жарылыс болды
АҚШ-тың Техас штатындағы химиялық зауытта жарылыс болды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұл – Пасадина қаласының аумағы.
Қазір бір адамның ауруханаға түскені белгілі. Басқа зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Мамандар өртті сөндірген. Полицияның мәлімдеуінше, жүк көлігі зауыттың қоймасына баса-көктеп кіріп, салдарынан от тұтанған. Химиялық заттар өртенген.
АҚШ-та соңғы кездері мұндай оқиғалар жиіледі. Ақпан айында Огайо штатында улы заттар артқан пойыз рельстен шығып кеткен еді.