Түркияның Шанлыурфа провинциясында көшелерді су басты

Түркияның Шанлыурфа провинциясында нөсерлі жауын салдарынан көшелерді су басты.

Салдарынан, жолдардағы қозғалыс тоқтатылды. Ал жергілікті әкімшілік тұрғындарды тысқа шықпауға ескертіп жатыр. Синоптиктер, қолайсыз ауа райының тағы бірер күн жалғасатынын хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, елдің шығыс бөлігінде орналасқан Шанлыурфа провинциясында бірнеше күн бұрын сел жүріп, 21 кісі қаза тапқан болатын. Мыңға жуық көлік пен 1400-ден астам тұрғын үй түрлі деңгейде зардап шекті. Оның енді 13-і шұғыл түрде сүрілмек. Айта кеткен жөн, Шанлыурфа бір жарым ай бұрын жер сілкінісінен зардап шеккен өңірлерлің қатарында.