АҚШ пен Оңтүстік Кореяның теңіз жаяу әскері бірлескен ірі жаттығу өткізді
Шара Пхохан қаласына жақын жерде ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған ондаған кеме, ұшақ және тікұшақтар қатысты. Қос мемлекет соңғы айларда аймақта бірлескен әскери жаттығуларды жиілетті. Оған Солтүстік Кореяның ядролық күштерінің әлеуетін арттыру туралы мәлімдемелері әсер еткен. Жақында Пхеньян ядролық оқтұмсықты алып ұша алатын баллистикалық зымыранды сынады.