Германияда дәрігер тапшы
Экономикасы дамыған Германияда да дәрігер тапшы.
Соңғы мәлімет бойынша елде 400 мың маман жетіспейді. Жас дәрігерлер жарты күн ғана жұмыс істегенді жөн санайды дейді,- сарапшылар. Тағы бір себеп - демография төмендеп, ел халқы қартайып барады. Зейнеткерлікке шыққан қызметкерлердің орнына жастар аз келеді. Сондай-ақ неміс мамандары,жалақысы жоғары Швейцария мен АҚШ-қа кетіп жатыр. Енді ел үкіметі шетелдік мамандарды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отыр. Осыған байланысты еңбек миграциясы туралы заңның талаптарын жеңілдету көзделген.
Томас Фолльмер, медициналық академияның үйлестірушісі:
- Германияда қарттарға қарайтын медицина қызметкерлері ауадай қажет. Мына бос орындар жәрмеңкесінде біз осы мамандықтар туралы айтып, ауруханалар мен қарттар үйіне жұмысқа шақырамыз. Шетелдік қызметкерлер жергілікті мамандармен бірдей айлық алады. Ешқандай айырмашылық жоқ. Біз шетелдіктерге өз біліктілігін растайтын арнайы курс әзірлеп қойдық. Ал медицинаға келем деушілерге дәрігерлер және медбикелермен танысуға мүмкіндік беріледі.