АҚШ-та торнадодан қаза тапқан адам саны 32-ге жетті

АҚШ-тың Делавэер ((Delaware)) штатында торнадо кезінде бір адам қаза тапты.

Ол қираған үйдің астында қалып қойған. Осылайша бүкіл ел бойынша дүлей дауылдан 32 тұрғын опат болды. Ондаған кісі жараланды. Дәрігерлер бірнеше адамның жарақатын ауыр деп бағалады.