Финляндиядағы парламенттік сайлауда оппозиция жеңіске жетті

Бұл нәтиже дауыстың 93,4 пайызы саналғаннан кейін белгілі болып отыр.

Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, басым түскен "Ұлттық коалиция" партиясы жоғарғы заң шығару органындағы 200 орынның 48-ін иеленді. Осыған дейін 2019 жылдан бері билікте болған Социал-демократиялық партияның өкілі, Финляндияның премьер-министрі, 37 жастағы Санна Марин жеңілгенін мойындап, құттықтауын жолдады.

Петтери Орпо, "Ұлттық коалиция" партиясының жетекшісі:

- Бүгін біз тойлаймыз. Сосын бірден жұмысқа кірісеміз. Біз бұл жеңіске лайықтымыз деп ойлаймын. Халықты кері кеткен экономиканың жайы қатты ойландырады. Бізде оның жандандыру үшін жақсы бағдарлама жасап қойдық. Тиімді реформалар жүргіземіз.