Трамп өзіне тағылған айыпқа жауап береді
Дональд Трамп ертең өзіне тағылған айыпқа қатысты жауап береді.
Сот процесі Нью-Йоркте болады. Оған дейін Трамптың саусақ іздері алынып, қажетті процедуралар жасалмақ. АҚШ тарихында елдің бұрынғы президентіне алғаш рет айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Айып саны 30-дан асады. Трамп кінәсін мойындамай отыр.
Джо Такопина, Д. Трамптың адвокаты:
- Қазір Трамп сотқа дайындалып жатыр. Біз мұны саяси қудалау деп есептейміз, бұл көпшіліктің пікірі. Трамп мықты, оны мойындау керек. Біз қарсы тұруға дайынбыз. Оны ақтап алатын күн алыс емес.