Түркияда университеттер офлайн оқуға көшті

Түркиядағы апаттан кейін қашықтан оқыту жүйесіне көшкен университеттер бүгін офлайн форматта білім беруді бастады. 

Бұл туралы Жоғары білім кеңесінің төрағасы мәлімдеді. Оның айтуынша, университеттерде аралас оқыту жүйесі енгізілген. Яғни білімін онлайн жалғастырғысы келетіндерге қашықтан, университетте оқығысы келетіндерге офлайн сабақ беріледі.  Осы орайда COVID-19 кезінде әзірленген оқыту жүйесі қолданылады.

Ерол Өзвар, жоғары білім кеңесінің төрағасы:

- Түркияда жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын студенттердің саны 4 миллион 1887 мың. Соның 676 мыңы жер сілкінісі болған өңірлерде тіркелген. Яғни әрбір 6 студенттің 1-і тұрмысына табиғи апат тікелей әсер етті деп айта аламыз. Зілзалада 1500-ден астам студент пен 148 ғылыми және әкімшілік қызметкерімізді жоғалттық.