McDonald's корпорациясы АҚШ-тағы кеңселерін жабады
Макдональдс корпорациясы АҚШ-тағы кеңселерін уақытша жаппақ.
Сондай-ақ мекеме басшылары қызметкерлерін қысқартуға кірісті. Бұған компанияны қайта құрылымдау себеп. Әзірге қанша адам жұмыссыз қалатыны белгісіз. Бірақ осы аптадан бастап америкалық және халықаралық кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмыс істей бастайды. Осы уақытта мекеме басшылары нақты қысқартатын адам санын белгілейді. Қаңтар айында атақты фастфуд желісі бизнес стратегиясын жаңартып, жұмысшылардың деңгейін қайта қарайтынын мәлім еткен. Пандемияға дейін компанияда 210 мың қызметкер еңбек еткен екен. Әлем бойынша бұл брендтің мейрамханалары 119 елде орналасқан.