Халықаралық валюта қоры Украинаға қомақты қаржы бөлетін болды
Халықаралық валюта қоры Украинаға қомақты қаржы бөлетін болды. Алдағы 48 айда, ұйым ресми Киевке 15 млрд доллардан астам несие бермек.
Бұл бағдарламаның ерекшелігі кез-келген мемлекет, донор ретінде Украинаға жәрдем көрсете алады.
«Халықаралық қаржы қоры мен Украина арасында қол жеткен келісімді “тарихи шешім” деп бағалау керек», - дейді экономист Алексей Плотников. Себебі халықаралық қаржы қоры бұрын-соңды шиленіс жүріп жатқан елге несие бермейтін. Алайда олар Украинаға қатысты өзінің несие саясатын өзгертті. Сөйтіп ұзақ күткен келісімге қол жетті.
Алексей Плотников, экономист:
- Бұл дегеніміз Украинаға алдағы жылдары шамамен 50 миллиард ақш долларын алуға мүмкіндік туады. Дәл осындай тарихи шешімге Халықаралық валюта қоры: елдің бюджет тапшылығын жеңілдетуге, әлеуметтік саланы қаржыландыру проблемаларын шешуге септігін тигізеді. Сондай-ақ ұйым Украина өнеркәсібінің зардап шеккенін ескере отырып келді деп ойлаймын.
Жыл соңына дейін көмек ақшаның көлемі 4,5 млдр долларды құрамақ. Бағдарламаның мерзімі төрт жыл, ал несиені өтеу кестесі он жылға бекітілді. Қаражаттың көп бөлігі - әлеуметтік төлемдерді атқаруға бөлінеді. Ал Украина өз бюджетін - қорғаныс саласын күшейтуге жұмсамақ.
Василий Фурман, экономика ғылымдарының докторы:
- Украина үшін бұл бағдарламаның қаржылық қана емес, саяси да маңызы үлкен. Өйткені халықаралық қаржы қорының әлем қауымдастығы алдында әлеуеті мен сенім деңгейі жоғары. Сондықтан басқа да халықаралық қаржы ұйымдары үшін бұл келісім "жасыл бағдаршам" ретінде қабылданып, Украинаға жан-жақты көмек жалғаса береді,- деп үміттенеміз.
Алексей Плотников, экономист:
- Украинаның бюджет тапшылығы өте көп. Қаражат қорының жартсы сырттан жабылады және бұл ақша әлеуметтік шығындарды өтеуге жұмсалады. Өз ақшасын Украина қорғаныс саласына жұмсайды. Халықаралық қаржы қорының ең үлкен талабы - гривнаның құнсыздануына жол бермеу және бюджеттің әр тиынын қатаң қадағалау.
Қомақты қаражы бөліп отырған халықаралық қор Украина билігіне бірнеше кезеңнен тұратын талаптарды алға тартты. Ресми Киев салық, сот саласындағы реформаны түбегейлі жаңартып, еуропалық үлгіге негіздеуі шарт. Атап айтқанда 2023 жылдың бірінші шілдесіне дейін Украина салық жеңілдіктерінің күшін жою туралы заң жобасын әзірлеуі тиіс.
Авторы: Аида Қыдырбай