Қырғызстандағы Қамбар Ата-1 жобасын бастауға кепілдік қажет

Қырғызстандағы Қамбар Ата-1 гидро электр станциясының құрылысына қатысу үшін Қазақстанға салынған инвестицияларды қайтаратын кепілдік қажет.

Бұл туралы қырғызстан Энергетика министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Алмаз Әбілдаев мәлімдеді.

Қамбар Ата ГЭС-ін бірлесіп салу туралы Меморандумға 6 қаңтарда Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Энергетика министрлері қол қойды. Қабылданған Жол картасы шеңберінде тараптар жобаны іске асырудың негізгі шарттары туралы уағдаласты және электр станциясын уақтылы пайдалануға негізі қадамдарды белгіледі. «Орталық Азиядағы ең ірі гидроэнергетикалық объектіге айналатын бұл станцияның пайдасы жөнінде қосымша келісімдер бекітілуі керек», - дейді сарапшылар.

Алмаз Әбілдаев, ҚР Энергетика министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі:

- Құрылыс жұмыстарының іске қосылуы әлі тек теория жүзінде. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан бұл жобаға 300 миллион доллар бөлуі керек, бірақ оның шарттары әлі келісілмеген. Тек Жол картасы бар. Инвестицияларды қайтару және электр энергиясының кемінде 50 пайызын Қазақстанға сатып алу сияқты кепілдіктер қажет.

Электр энергиясын тұтыну көлемінің өсуіне байланысты, Қырғызстан оны көрші республикалардан импорттауға мәжбүр. 2022 жылы бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсті. Бұл ретте 2,6 миллиард киловатт-сағат энергия Қазақстаннан, Өзбекстаннан және тіпті Түркіменстаннан жеткізілді. Сарапшылардың бағалауынша, Қамбар Ата ГЭС-ін салу өз тапшылығын жабып қана қоймай, Орталық Азия республикаларына электр энергиясын жеткізуге мүмкіндік береді.

Расул Үмбеталиев, энергетика саласындағы сарапшы:

- Қуаттылығы шамамен 1865 мегаватт болады, сәйкесінше ол қыста да, жазда да бес, бес жарым миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді. Сондықтан бұл әлеуетті көрші мемлекеттерге экспорттау үшін пайдалануға болады.

Қамбар Ата ГЭС 1 құрылысының бастапқы құны 3 миллиард долларға бағаланды. Бірақ жыл өткен сайын бұл баға өсуде және қазір Қырғызстан билігі 2 есе көп ақша қажет деп мәлімдеді. Қазақстан мен Өзбекстан құрылысқа қызығушылық танытты. Енді қалғаны, энергия объектісінің үлестік қатынасы мен пайдалану шарттарын нақтылау. 

Авторлары: Сымбат Ғалымжанқызы, Бақыт Чермашев