Қытай АҚШ-тың Гудзон институты мен Рейган кітапханасына санкция салды
Қытай АҚШ-тың Гудзон институты мен Рейган кітапханасына санкция салды.
Бейжің оларды "бір Қытай принципін" бұзды деп айыптады. Бұл үшжақты келісімге қайшы келеді, делінген Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде. Қытайлық университеттерге Гудзон институтымен және Рейган кітапханасымен ынтымақтастық орнатуға тыйым салынды. Тіпті студенттік алмасуға да рұқсат жоқ. Бұдан бөлек, аталған мекемелердің 4 жетекшісі Қытайға кіре алмайды. Және елдегі мүліктері бұғатталады.