АҚШ-тың темекі өндіруші компаниясы 462 млн доллар айыппұл төлейді
Электронды темекі өндіретін америкалық Juul компаниясы 462 млн доллар айыппұл төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».
АҚШ-тың 6 штаты мекемеге қарсы сотқа арыз жазған. Билік өкілдері аталмыш компания жастарды нашақорлыққа итермелеп, темекі туралы жалған ақпарат таратқанын айтады. Кәсіпорын жарнамалары өнім жастарды тәуелді қылмайды, басқа электронды темекілерге қарағанда Juul денсаулыққа зиян емес деген еді. Денсаулық сақтау қызметінің өкілдері тексеру жүргізіп, бұл шындыққа жанаспайтынын дәлелдеді. Сотқа жүгінген өңірлер қатарында Нью-Йорк, Калифорния, Колорадо, Массачусест, Иллинойс сияқты ірі штаттар бар. Бұл компанияға қарсы алғашқы шағым емес, бұған дейін өзге штаттарға мекеме 1 млдр доллар шамасында айыппұл төлеген екен.