Германияда спортзалдағы адамдарға шабуыл жасалды

Германияның Дуйсбург қаласында белгісіз біреу спортзалдағы 4 адамға пышақ жұмсап, жарақаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаскөй шабуылдан кейін ізін суытқан. Оның мұндай әрекетке неліктен барғаны әлі белгісіз. Қазір полиция күдіктіні іздестіріп жатыр.