АҚШ-та полицейлердің озбырлығына наразылық шеруі өтті
АҚШ-тың Огайо штатында полицейлердің озбырлығына қарсы наразылық шеруі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Акрон қаласының басты көшелеріне шыққан көпшілік билікті құқық қорғау жүйесін реформалауға шақырды. Толқу соттың Джейланд Уокер ісіне қатысты тәртіп сақшыларына айып тағудан бас тартуынан туған. Былтыр маусымда Акрон қаласында Джейланд Уокер есімді қара нәсілді азамат жол тәртібін бұзып, оқиға орнынан кетіп қалуға тырысады. Бірақ 8 полицей оны ұстар кезде 46 рет оқ атып, мерт қылады.
Пейдж Уайт, адвокат:
- Біз бұл іс бойынша әділ үкім шығарылмайынша күресімізді тоқтатпаймыз. Джейланд Уокер есімі еліміздің әр штатында естілетін болады. Біз биліктен кінәлілерді жазалауды талап етеміз.