Эстонияда киберқауіпсіздік жаттығуы басталды
Эстонияда НАТО-ның киберқауіпсіздік бойынша ауқымды халықаралық жаттығуы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Жабық қалқандар» шарасы жұмаға дейін жалғасады. Оған 38 елден 3 мыңнан аса адам қатысып жатыр. Ұйымдастырушылар 5 мың виртуалды жүйе құрды. Мамандар компьютерлік шабуылдардан қорғану амалдарын жетілдіріп, қиын жағдайдағы тактикалық және стратегиялық шешімдерді пысықтайды. Мұндай жаттығулар 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Былтыр Финляндия командасы үздік шыққан болатын.