Илон Масктың Starship зымыраны жарылды

SpaceX әлемдегі ең қуатты зымыран Super Heavy мен ең үлкен ғарыш кемесі «Starship» ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоспар бойынша, зымыран ғарыш кемесінен бөлініп, жерге қонуға тиіс болатын. Алайда 4 минуттан кейін бүкіл жүйе аударылып, көп ұзамай жарылды. Бұл кеменің ұзындығы 120 метрге жуықтайды, ал зымыранның қуаты бұрынғылардан екі есе асады. Илон Масктың жоспарынша, Starship ғарыш игеруде үлкен қадам болмақ. Осы кеменің көмегімен Марс секілді өзге ғаламшарға саяхаттауға болады.