Қахраманмарашта дауылдан бір адам қаза тапты

Түркияда табиғи апат толастар емес.

Бүгін Қахраманмараш провинциясында дауыл соғып, 1 адам қаза тапты. 50-ге жуық тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. 170-тен астам уақытша орнатылған кон-тейнерлер, қатты желдің екпініне шыдас бермей құлап қалды. Кейбір тұрғын үйлердің шатырлары ұшып, көліктер аударылған. Қаһраманмараштың Пасажык ауданында 2 жарым ай бұрын, жойқын жер сілкінісі болған еді.