Неміс инвесторларының Қазақстанға қызығушылығы жоғары
Неміс инвесторларының Қазақстанға қызығушылығы жоғары.
Германияның Штутгарт қаласында өткен кездесуде тараптар қос елдің мүмкіндіктерін саралады. Қазақстанда бизнеске жасалып жатқан мүмкіндіктерді, неміс кәсіпкерлері жоғары бағалады.
Неміс инвесторлары, кәсіпорын басшылары, сондай-ақ өңірдің бизнес-қауымдастық өкілдері еліміздің инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Ілияс Оспанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:
- Бүгінгі шара қызықты өтті деп айтуға болады. Сіздер білесізлер бұл біздің бірінші келуіміз емес. Бұған дейін егер жалпы сұрақтар болса қазіргі таңда қызығұшылық қайда жоғары. Әрине бұны өңірде болып жатқан жағдайлармен байланысты деп ойлаймыз. Енді сұрақтарына қарайтын болсақ, сұрақтары нақты болды, біздің презентациямыз да нақты болды. Өйткені бұрында біз жалпы Қазақстанның инвестициялық климатын сипаттап жүрсек, қазіргі таңда біздің алып келген материал нақты қай бағытта, өндірісті қоюға болады, қанлай шаралар мемелекеттік қолдау бар екенін айтып көздерін аштық.
Жандос Темірғали, «Kazakh invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Неміс бизнесінің Қазақстанға деген қызығушылығы айтарлықтай өскен. Жүргізілген жобалардың жалпы саны қазіргі уақытта 54-ке жеткенін атап өткім келеді. Және, бұл сан артып келеді. Соңғы екі жылда неміс бизнесінің Қазақстан аумағына өндірісті көшіруге деген қызығушылығы артты.
Шикізат, өнеркәсіптік әлеует және баламалы энергетиканы дамытудағы Қазақстанның артықшылығы. Осы тақырыптар панельдік пікірталас барысында қызу талқы болды. Баден Вюртемберг кәсіпкерлері машина жасау, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және жасыл энергетика салаларында Қазақстанда өкілдік ашуға ниетті.
Йоахим Голдбек, "Goldbeck solar GMBH" басқарушы директоры:
- 2017 жылы біз Қазақстанда күн батареяларын салуды бастадық. Ал бір жылдан кейін ең үлкен станцияны жасап, қалаларды энергиямен қамтамасыз еттік. Өндірісіміз кеңейіп келеді. Жаңа күн электр стансаларын салу бойынша жоспарларымыз бар. Қазақстанда жаңартылған энергия көздерінің әлеуеті зор, Себебі, сіздің елде жер кең.
Мартин Дэвид Херренкнект, "Herrenknecht AG" басқарма мүшесі:
- Қазақстанға туннель бұрғылау жабдықтарын жеткізу ісімен айналысамыз. Астана үшін жаңа станоктардың жобасын жасап жатырмыз. Қала өсіп, инфрақұрылымы кеңейіп келеді. Ал кәріз және су құбырларын тарту үшін жұмысшылар шұңқыр қазуы керек, ал біздің жер қазатын техникалар жер бетіне зиянын тигізбей, траншея қазбай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан мен Баден-Вюртемберг аймағы тығыз іскерлік қарым-қатынас орнатқан. Өткен жылы серіктестер арасындағы тауар айналымы 2 есе өскен. «Бұл кездесу көрсеткіштерді көбейтуге септігін тигізеді», -деген үміт бар.
Авторлары: Сымбат Ғалымжанқызы, Шолпан Найманбаева