Таиландта түтін сейілер емес
Таиландтың солтүстігінде қоқыс полигоны 3 күннен бері жанып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өрт сөндірушілерден де маза қашқан. Өйткені қалың түтін көзді аштырмай тұр. 5 мыңнан астам үй осы түтіннің астында қалған. Аюттхай қаласында тынысы тарылып, дәрігер шақыртып жатқан адам көп. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, өртті сөдіруге әлі де 5 күндей уақыт керек.
Жергілікті тұрғын:
- Түтін миыма кіргендей сезінемін. Менде оған аллергия бар-ау деймін. Көзім қатты ауырады. 3 күн бойы өзімді нашар сезіп тұрмын. 2 бетперде тағып жүремін.