Суданда Қазақстанның 11 азаматы өз еркімен қалды

Бұл туралы Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Ол жақта барлығы 18 қазақстандық болған. Соның 11-і қауіпті аймақта қалуды жөн көріпті. 10 азамат Судандағы тау-кен кәсіпорынында жұмыс істейді екен. Тағы бір отандасымыз – медицина саласының маманы. Ол Суданда зардап шеккендерге көмектеспек. Сыртқы істер министрлігі жерлестерімізбен үнемі байланыста екенін айтады. 

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Қазақстандықтар жұмыс істейтін компания басшысымен хабарластық. Сізде біздің 10 азаматымыз жұмыс істейді. Егер де жағдай шиеленіссе, әрі қарай не істейміз, бірлесіп іс-әрекет жасайық деп келістік. Ол басшылықтың айтуы бойынша, егер жағдай күрделенсе, онда біздің жұмысшылар сол елден шығарылады.