Судандағы жағдайдан балалар зардап шегіп жатыр
Судандағы қарулы қақтығыстың алғашқы 10 күнінің өзінде 200 бала көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».
1700-і жараланды. ЮНИСЕФ мәліметтері осындай. Ұйым өкілдері бұл тек ірі шаһарлардан келіп түскен, мәлімет екенін айтады. Шалғай өңірлердегі ахуал есепке алынбаған. Демек құрбандар саны одан да көп болуы мүмкін.
Айта кеткен жөн, Шығыс Африкада орналасқан бұл мемлекетте сәуірдің ортасынан бері ел әскері мен жедел әрекет ету күштерінің арасында қарулы қақтығыс тоқтамай тұр. Сол уақыттан бері өзге мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ықпалдасуымен бірнеше рет оқ атпау тәртібі жарияланды. Соңғы рет 72 сағаттық бітім жұма күні күшіне енген.