Суданда жауласқан екі тарап келісімге қол қойды
Суданда жауласқан қос тарап алдын ала келісімге қол қойды.
Еске сала кетейік, бұл елде Қарулы күштер мен Жедел әрекет ету жасағы арасындағы қақтығыс 15 сәуірден бері жалғасып келеді. Әскери қимылдардан 500-ден астам адам қаза тауып, 4 мыңға жуық тұрғын жараланған. Тағы мыңдаған адам көрші елге бас сауғалап кетті. Мамырдың алтысында Сауд Арабиясының Джидда қаласында қос тарап арасында келіссөздер басталған еді. Осы басқосу нәтижесінде қабылданған Джидда қарарына сәйкес екі жақ та бейтарап тұрғындарға зиян келтірмес үшін барынша қажетті шаралар қабылдауға, адамдардың елден кетуіне кедергі жасамауға міндеттеме алды.