Исландия астанасында Еуропа Кеңесінің саммиті жалғасуда
Бүгін ауқымды шараның соңғы күні.
Басқосудың басты тақырыбы - демократия мен адам құқықтарын қорғау. Осы ретте қазіргі кездегі демократиялық құндылықтарға төнген сын-қатерлермен күресу жолдарын талқылау қарастырылған. Айта кетейік, Еуропа Кеңесінің саммиті 20 жыл өткізілмеген. Жалпы бұл ұйымға әлемнің 46 елі енген.